Шанхай халқы локдаунда отыр

1 наурыздан бері Шанхайда ковид жұқтырғандардың саны 340 мыңға жеткен.

Алматы, NEGE. Мұндай көрсеткіш тіпті 2020 жылы Уханьда болған емес. 25 миллион халқы бар Шанхай локдаунға ұшырады. Қатаң шектеудің салдарынан зардап шеккендер бар. Локдаунның кесірі Қытайдың ғана емес, күллі әлем экономикасына тиіп жатыр. Осы аптада әлеуметтік желіде Шанхай тұрғындары мен полицейлердің қақтығысы бейнеленген жазба тарады. Мәлім болғандай, ғимаратын карантин бекетіне айналдыру үшін бірнеше отбасыны басқа жерге көшірмек болған. Алайда кей тұрғын бұған келісе қоймады. Науқастарды қабылдауға ауруханалардағы төсек саны 270 мыңға ұлғайтылды. Ал вирусты жұқтырғандардың саны 300 мыңнан асқан. Олармен байланыста болғандарды оқшаулауға тағы орын керек. Наурыздың 28-і күні 10 күнге жарияланған локдаун белгісіз мерзімге тағы созылды.

Локдаунның салдарынан Шанхайда мұздатқыш пен тоңазытқыштың бағасы 2,5 есеге қымбаттады. Өйткені тұрғындар азықты молдау ғып алып, сақтауға тырысады. Спорт бұйымдарына да сұраныс күрт өскен. Үйде қамалған жұрт барынша амалдауға кіріскен.  

Күн сайын 20 мыңнан аса адам вирус жұқтырады. Осыған қарамастан, Шанхайдағы шектеу сәл босаңсыды. Кей үйлердің тұрғындарына сыртқа шығуға рұқсат етілді. Бірақ үйден алысқа ұзауға болмайды. Мыңға жуық супермаркет қайта ашылған. Электронды коммерцияның платформалары да көмекке келді: курьерлер мен роботтар керек-жарақты үйге жеткізіп береді. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін