Шаңғытбаев комитет төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлады
Энергетика мисистрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Шаңғытбаев 2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2016 ж. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, оның алдында 2015 ж. ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары қызметтерін арқарған.