Шаңғымен тұғырдан секіруде қазақстандықтар іріктеуден аса алмады

Бейжің Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруден алғашқы жарыстар өз мәресіне жетті.

Алматы, NEGE. Аталған сында Қазақстан намысын Данил Васильев пен Сергей Ткаченко қорғаған болатын. Өкінішке қарай, екеуі де іріктеу сынынан ары аса алған жоқ. Бұл спорт түрі бойынша алғашқы іріктеуден үздік шыққан 30 спортшы ғана Финалға жолдама алады. Жарыс нәтижесінің қорытындысы бойынша қазақстандық Сергей Ткаченко 41-ші, ал Данил Васильев 46-шы орындарды місе тұтып, алғашқы 30 спортшының қатарына кіре алмады.

Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр