Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.

Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады