Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасының спортшысы Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші нәтиже көрсетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Сан Хек Пакпен кездесті. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Шамиль Ожаев Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған