Шамалған стансасында салынып жатқан көпір қашан іске қосылады?

Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364,5 млн теңге бөлінді.

Алматы, NEGE. Қарасай өңіріндегі Шамалған станциясының теміржол өткелінде жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталып қалды.

Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364,5 млн теңге бөлінді. Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары әкімшілігінің тапсырысы бойынша «РСУ-13» ЖШС мердігерлік компаниясы көпірді қайта жөндеп, салуды қолға алды.

Қазіргі уақытта байланыс желілерінің инженерлік желілерін жеткізу, іргетастағы топырақты тұрақтандыру, тіреу үшін монолитті іргетас плиталарын орнату, баспалдақтардың металл бағаналарын бекіту, электрмен жабдықтау және жарықтандыру желілерін орнату жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, жаңа көпірге декоративті шағылыстыратын панельдер орнатылып, нысан аумағы толығымен абаттандырылды. Бұл объектіде жұмыс әлі де жүріп жатыр және нысанды пайдалануға беру туралы құжатты комиссияға өткізуге дайындап жатыр.

Бұл өңірде 2019 жылдан бастап Алматы 1 - Шамалған - Ұзынағаш стансасы аймақтық автожолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды