6 сентября 2022 г. 11:53

«Шам» театры шымылдығын түрді

Фото:

Жас актер Еркебұлан Дайыров пен Асан Мәжит бірлесіп құрған жаңа театрдың тұсауы кесілді. Бұл туралы белгілі журналист Қанат Тілеухан Фейсбук парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Өнер шаңырағы  шымылдығын «№37» атты қойылыммен түрген. Аталмыш пьесаның авторы әзірбайжандық драматург – Исмаил Иман. Шығарманы қазақ тіліне тәржімалаған – Әлішер Рахат.  Спектакль журналист Манас Қайыртайұлының сюжетімен басталады. Сондай-ақ көшеге шыққан шерушілер, диссидент Арон Атабектің қазасы хабарланады.

«Асылы мемлекет әрбір азаматын сүйгенде ғана Отанға айналады. Ягубовтар отбасы Отанның махаббатын сезінбеген бақытсыз жандар. Өлгендердің тізімі жай ғана тізім, яғни бір парақ бет емес. Бұл талқан болған қаншама тағдырлар» – дейді қойылымды тамашалаған Тілеухан. Сананы селт еткізер спектакльді белгілі режиссер  Фархад Молдағали сахналаған.

Тегтер: