Шалқар көлі тартылып барады

Экология министрі бұны Мұғалжар тауларында жауын-шашынның аз түсуімен байланыстырады.  Шалқар көлінің түбін тазарту жұмысы басталады. Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  «Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған», – деп жазады министр.  Аймаққа мамандар барып қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтапты. «Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші болып табылады. Біз биыл көлдің түбін тазалау жобасын бастаймыз. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – дейді Мағзұм Мырзағалиев.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады