Шалқар ауданы Білім бөлімінің басшысы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Антикор

Алматы, NEGE. Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. 

Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді