Шалғай өлкеде кинотеатр ашылады

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кинотеатрдың құрылысы қарқынды жүруде.

Алматы, NEGE. Қала орталығындағы бұрынғы «Жұмыспен қамту орталығы» ғимараты ішінен «Жалын» кинотеатрлар желісі жақын арада халықтың игілігіне беріледі.

Бұл облыс көлемінде аудандар арасында алғаш ашылатын кинотеатр болмақ. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асуда. Ол аз уақыт ішінде тұсауын кесіп, 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын қаланың тұрғындарын қуантпақ және жалпы аудан көрермендеріне тарту жасамақ. Кинотеатрда 150-160 орындық болады.

«Құрылыс кезінде 10 адам, құрылыс бітіп, ашылған соң 10 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Ішкі залында металл құрастыру жұмыстары бітсе, ертең ағаштармен қаптау, қабырғаларын сәндеу жұмыстары жүреді. Орындықтары сәнді, заманауи техникалар орнатылады. 16 желтоқсанда сынақтан өткізіп, жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі Айдос Хамиев.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты