Шалғай елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Қала әкімі М.Әйтеновтің шалғай елді мекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімі Рашид Мыңбаев Ақтас-2 және 195 орамға барды.

Шымкент, NEGE. Аталмыш орамға шағал тас төсеу, газ құбырларын жүргізу жұмыстарын тексерді.

Қазір таңда аумақта жалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төсеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көше жөнделуде.

Айта кету керек, 195 орамда 200-ге жуық үй бар. Мұнда ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан. Газ мәселесі бойынша абоненттеу жұмыстары басталды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады