Шайхутдинов қызметінен босатылды
Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қызметінен босатылды. Бұл туралы Борт №1 телеграм-каналы хабарлады.
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін де Шайхутдиновтың қызметінен босатылғаны, тіпті үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған. алайда мұны Шайхутдиновтың өзі жоққа шағарған еді.