Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Францияға есе жіберді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы екінші ойынын Францияға қарсы өткізді.

Алматы, NEGE. Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер белсенді ойнаған еді. Алдымен Валерий Орехов 5-минутта Қазақстанды алға шығарды. Екінші кезеңде франциялық құраманың белсенділігі аңғарылды. Нәтижесінде Александр Тексье 32, Флорьян Шакиашвили 39-минутта мергендік танытты. Осылайша Қазақстан хоккейшілері Францияға 1:2 есебімен есе жіберді. Енді олар үшінші ойынын 17 мамырда Швейцарияға қарсы өткізеді. Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Даниядан жеңіліп қалған еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды