Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті.

vkyrse_shakhtinsk

Астана, NEGE. Хабарлама келіп түскеннен кейін 4 минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетті. Құтқарушылар келген кезде пәтер ішінде жиһаз бен тұрмыстық заттардың жанып жатқаны анықталды.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Ал кейбір тұрғындар ғимараттан өз бетінше шыққан.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, олардың бесеуі полиция қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ күштері 40 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты