Шахтадағы жарылыстан 4 адам қайтыс болды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында көмір шахтасында газ атылып, 4 адам қаза тапты, тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Алматы, NEGE. Апат сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13.00 шамасында провинцияның Тунчуань қаласындағы Цяоцзылян көмір өнеркәсібі компаниясының шахтасында болды.

Шахтадағы 42 жұмысшының 34-і сыртқа шығып үлгерген. Құтқарушылар апат салдарынан мерт болған төрт кеншінің мәйітін тапты.

Құтқарушылардың жұмыстарын жалғастыруы үшін мамандар газ шығару жүйесін жөндеп, желдету, электр және тасымалдау жүйесін қалыпқа келтірді.