Ұлытау облысындағы шахта апаты: Үйінді астында қалған 7 кеншінің денесі табылды

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды. ТЖД үйінді астында қалған жұмыскерлердің тізімін жариялады.

Сонымен қатар Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды