Шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды

Қазақстанның танымал шахматшысы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік өміріндегі ең қуанышты жаңалығын жариялады. 

instagram.com/zhansaya_abdumalik

Алматы, NEGE. Жансая Әбдімәлік бұл жаңалығын Instagram парақшасында хабарлап, жүктілік кезіндегі әсерлі суреттерін жариялады.

«Сен менің жүрегімде болған кезде, мен сені әлі кездестірмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым», – деп жазды шахматшы.

Бұл жазба желі қолданушыларын бірден тәнті етіп, жүздеген құттықтау пікірлер мен жылы лебіздер қалдырылды.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік – Қазақстанның ең табысты шахматшыларының бірі, халықаралық гроссмейстер. Ал жұбайы – Нұрахмет Нұриев, 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.

Жас жұп 2023 жылы шаңырақ көтерген. Бұл – олардың алғашқы баласы.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Құрылтайды кім басқарады?

Перизат Қайраттың Mercedes-і сатылымға шығарылды

Байдың балаларын полициядағы лауазымды тұлғалар қорғаштайды – депутат