Шағын және орта бизнеске 600 млрд теңге бөлінеді
Елімізде шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру үшін 600 млрд теңге бөлінеді. Себебі, коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Осы орайда, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың қалай өрбитінін болжау қиын. Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азур мемлекеттер экономикалық тұрғыда тиімді шара қабылдауы тиіс дейді. Ол бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтың баяндамасын онлайн форматта тыңдады.
Қайрат Келімбетов төтенше жағдай кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы бағдарлама туралы айтты. Оның ішінде салық каникулы мен несиелендірудің тетіктерін түсіндіріп берді. Елімізде шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру үшін 600 млрд теңге бөлінеді. Онлайн өткен жиында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жасалған жеңілдіктер туралы да айтылды. Халықаралық валюта қорының өкілі қорға мүше елдерге әркез қолдау болатынын және бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.