Шағын роботтар Айға ұшырылады 

Мексика шағын роботтарды Айға ұшырмақ. Бұл бұрын-соңды болмаған ғылыми миссия.

Алматы, NEGE. Оларды әзірлеу жұмыстары 2016 жылы басталған еді. Жобаға ғалымдардан бөлек тағы 200 студент қатысқан. Зымыран-тасығыштың көмегімен роботтар алдымен орбитаға, кейіннен Айға жеткізіледі. Ай бетіндегі үлгілерді жинайтын бұл роботтарды биыл маусымда ұшыру жоспары бар.

Густаво Медина Танко, жоба авторы:

– Бұрын-соңды мұндай жобамен ешкім айналыспаған. Тек Мексикада ғана емес, бүкіл әлемде ондай болмаған. Біз  кішкентай роботтарды Айға аттандырамыз. Болашақта оларды тек Айға ғана емес, астероидтарға да жіберіп, ғылыми жобамызды одан әрі кеңейтуге ниеттіміз.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді