Шағын бизнеске жеткізу қызметін қалай таңдауға болады: артық шығынға жол бермейтін жеті талап

Шағын бизнес үшін жеткізу қызметі – тауарды сатып алушыға жеткізудің қарапайым тәсілі ғана емес. Ол компанияның шығындарына, тапсырыстардың дер кезінде орындалуына және клиенттердің қайта оралуына тікелей әсер етеді.

inDrive

Астана, NEGE. Осы орайда жеткізудің ең арзан нұсқасы үнемі ең тиімдісі бола бермейді. Кәсіпкерлер курьерлік қызметті таңдағанда нені ескеруі керек және қызмет көрсету сапасына нұқсан келтірмей, шығынды қалай азайтуға болады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Қазақстандағы шағын бизнес жеткізуді қалай ұйымдастырады?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстандағы бөлшек электрондық сауданың көлемі 3,77 трлн теңгеге жетіп, бөлшек саудадағы үлесі 14,3%-ды құрады. Онлайн-сатылымдардың көбеюімен бірге сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тапсырыс қабылдайтын шағын дүкендер үшін жеткізу қызметінің маңызы да артып келеді.

Көптеген компания бұл міндетті үшінші тараптың курьерлік қызметтерінің көмегімен шешеді. inDrive компаниясының 2025 жылғы қыркүйек-қазан айларында Алматы мен Астанада қалаларындағы шағын бизнес өкілдерінің арасында жүргізген зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 80%-ы курьерлерді көбіне мобильді қосымшалар арқылы шақырады. Жеке курьерлерін пайдаланатындардың үлесі – 9%, ал тапсырыстарды өздері жеткізетіндер 4%-ды құрайды.

Осы зерттеуге қатысқандардың 95%-ы тауарларының кем дегенде бір бөлігін онлайн сатады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сауда жасау кәсіпкерлерге жеке интернет-дүкен ашпай-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, тапсырыс қабылданғаннан кейін тауарды сатып алушыға жеткізу қажет. Егер курьер кешіксе немесе тапсырысты бүлдірсе, жеткізуді кім жүзеге асырғанына қарамастан, шағым көбінесе сатушыға түседі.

Сондықтан, курьерлік қызметті таңдауда оның құны таңдаудың бір ғана талабы болмауы керек. Жеткізудің жылдамдығы, қауіпсіздігі және тапсырыстың орындалуын бақылау мүмкіндігі де маңызды.

1. Жеткізудің жылдамдығы және курьердің қолжетімділігі

inDrive зерттеуінің деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 47%-ы жеткізу жылдамдығын сервисті таңдаудағы басты талаптың бірі деп санайды. Ал 43%-ы бос курьерді жылдам табу мүмкіндігін маңызды деп есептейді.

Мысалы, кондитерлік дүкен тапсырысты белгіленген уақытқа дейін дайындап қоюы мүмкін. Бірақ бос курьер бірден табыла қоймаса, сатып алушы тапсырысын бәрібір кеш алады.

inDrive

Бұл сұрақты, әсіресе, қарбалас уақытта және мереке күндері, тапсырыстар саны күрт артқан кезде өзекті болады. Сондықтан гүл дүкендері, кондитерлік өнімдерді сататын орындар және сұранысы біркелкі емес басқа да бизнес түрлері үшін қажетті ауданда курьерлердің қолжетімді болуы жеткізудің мерзімінен кем түспейтін маңызды фактор.

2. Жеткізу қызметінің құны: артық төлем жасамаудың жолдары

Жеткізу қызметінің құны арзан тауарлар сататын шағын дүкендер үшін ерекше маңызды. Тарифтердегі аздаған айырмашылықтың өзі тұрақты жөнелтілімдер кезінде пайдаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Мысалы, дүкен тауарды 5 000 теңгеге сатады делік. Оның 3 500 теңгесі сатып алу, қаптау және басқа да өзгеріп тұратын шығындарға жұмсалады. Егер 1 000 теңгелік жеткізу ақысын сатушы өзі төлесе, басқа шығындарды есептемегенде, оның қолында небәрі 500 теңге қалады. Ал әр жеткізілімнен 200 теңге үнемдеу айына 300 тапсырыс болған жағдайда 60 мың теңгені сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Бағаның қалай қалыптасатыны да маңызды. Кейбір сервистер тарифті автоматты түрде есептейді, ал басқаларында орындаушымен бағаны келісуге болады. Мысалы, inDrive.Курьеры қосымшасында пайдаланушыға ұсынылатын баға көрсетіледі, бірақ ол өз сомасын ұсына алады. Курьер бұл ұсынысты қабылдайды немесе өз бағасын айта алады.

Мұндай модель әр тапсырыстың ерекшелігін ескере отырып, бағаны таңдауға мүмкіндік береді. Егер жеткізу шұғыл болмаса, төменірек ақы ұсынуға болады. Ал тауарды мүмкіндігінше тез жіберу қажет болса, қымбатырақ баға курьерді жылдам табуға көмектесуі мүмкін.

3. Тапсырысты бақылау: сатып алушылардың сұрақтарына жауап

Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 46%-ы курьердің жолда жүруін бақылау мүмкіндігін сервисті таңдаудағы басты критерийдің бірі деп атаған. Ал 56%-ы нақты уақыт режимінде бақылауды жеткізуге арналған мобильді қосымшалардың негізгі артықшылықтарының бірі деп санайды.

Сатушы үшін бұл тапсырыстың қай жерде екенін біліп, сатып алушыға дер кезінде ақпарат беруге мүмкіндік береді. Егер курьер кешігіп жатса, дүкен клиенттің қоңырауын күтпей-ақ, оны алдын ала ескерте алады.

inDrive

Бұған қоса, жеткізуді бақылауға арналған сілтемені алушымен бөлісу мүмкіндігі де ыңғайлы. Бұл жағдайда сатып алушы курьердің қозғалысын өзі бақылап, тапсырыстың шамамен қашан келетінін біле алады. Мұндай мүмкіндік, әсіресе, күн сайын көп тапсырыс жөнелтетін дүкендерге пайдалы: қызметкерлер нақтылау мақсатында қоңырау шалуға және хабарлама жазуға аз уақыт жұмсайды.

4. Қауіпсіздік: тауардың жоғалу және бүліну қаупін қалай азайтуға болады?

Зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 45%-ы сәлемдеменің сақталуын курьерлік қызметті таңдаудағы басты талаптың бірі деп есептейді.

Тәуекелдерді азайту үшін курьерлерді тексеру және тапсырысты беру процесін бақылау маңызды. Атап айтқанда, орындаушылардың құжаттары тексеріле ме, олардың фотосуреттері, рейтингтері мен бұрын орындаған жеткізілімдерінің тарихы көріне ме деген сұрақтарды алдын ала анықтап алған жөн.

Кейбір сервистер тапсырыстың жеткізілгенін растаудың қосымша тәсілдерін ұсынады. Мысалы, inDrive.Курьеры қосымшасында жөнелтуші арнайы код арқылы жеткізуді растау функциясын қоса алады. Ал курьер көрсетілген мекенжайдан 300 метрден астам қашықтықта болса, жүйе оның келгенін белгілеуге мүмкіндік бермейді.

Тағы бір маңызды мәселе – тауар жоғалған немесе бүлінген жағдайда не болады? Өтемақы төлеу шарттары мен қолдау қызметіне жүгіну тәртібін алдын ала білген дұрыс. Мысалы, inDrive.Курьеры платформасында корпоративтік тапсырыстар үшін 25 мың теңгеге дейінгі сақтандыру арқылы қорғау және жеке қолдау желісі қарастырылған. Мұндай тапсырыстарды орындауға платформада жұмыс тәжірибесі бар курьерлер жіберіледі.

Дегенмен, қауіпсіздік тек сервиске байланысты емес. Тез сынуы мүмкін тауарларды орамада мықтап бекіту, сұйықтықтарды төгілуден қорғау, ал жөнелтер алдында сәлемдемені суретке түсіру қажет. Бұл тауардың бүліну қаупін азайтып, даулы жағдайларды шешуді жеңілдетеді.

5. Көлік түрін таңдау: жеткізу ақысын қалай үнемдеуге болады?

Әр тапсырысты автомобильмен жеткізудің қажеті жоқ. Шағын сәлемдемелерді, құжаттарды немесе аксессуарларды жаяу курьер арқылы жіберуге болады. Ал қарбалас уақытта велосипед немесе мотоцикл кептелісте уақыт жоғалтпай, тапсырысты жылдамырақ жеткізуге көмектесуі мүмкін.

Дегенмен, көп нәрсе тауарға байланысты. Мысалы, бірнеше қабат тортты, тез сынуы мүмкін электрониканы немесе ауқымды гүл шоғын ерекше ұқыптылықпен тасымалдау қажет. Мұндай жағдайда ең жылдам немесе ең арзан нұсқа әрдайым қолайлы бола бермейді.

inDrive

Кейбір қосымшаларда жеткізу әдісін өзіңіз таңдай аласы. Мысалы, inDrive.Курьеры сервисінде нақты аудандағы орындаушылардың қолжетімділігіне қарай жаяу, вело, мото немесе автокөлікпен жеткізу мүмкіндігі бар.

Ассортименті әртүрлі дүкендер үшін бұл әр тапсырысқа сәйкес көлік түрін таңдап, артық шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тауардың салмағы мен көлеміне қойылатын шектеулерді және кейбір өнімдерді тасымалдау талаптарын ескерген жөн.

6. Икемділік: сұраныс жоғары кезде жеткізуді қалай ұйымдастыруға болады?

Шағын бизнесте тапсырыстар саны әрдайым тұрақты бола бермейді. Мысалы, гүл дүкені әдеттегі күндері шамамен он гүл шоғын жөнелтсе, 8 наурыз қарсаңында тапсырыстар бірнеше есе көбеюі мүмкін. Осындай қарбалас бірнеше күн үшін жыл бойы қосымша курьерлерді штатта ұстау тиімсіз.

Мұндай жағдайда қажет болған кезде курьер шақыруға мүмкіндік беретін сұраныспен жеткізу сервистері көмектеседі. Бұл ретте жеке курьерлік қызметтен толық бас тартудың қажеті жоқ: екі тәсілді қатар пайдалануға болады.

Мысалы, Астана, Алматы және Атырау қалаларында жұмыс істейтін OG Sushi мейрамханалар желісі осындай тәсілді қолданады. Компанияның жеке курьерлері бар, бірақ сұраныс жоғары уақытта тапсырыстардың бір бөлігі inDrive.Курьеры арқылы жеткізіледі. Бұл штат санын үнемі көбейтпей-ақ, қосымша тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Мұндай модель сұранысы маусымға, мерекелерге немесе тәулік уақытына байланысты өзгеретін басқа да компанияларға қолайлы болуы мүмкін.

7. Ыңғайлылық: жеткізуді рәсімдеуге қанша уақыт кетеді?

Шағын бизнес үшін жеткізу құны ғана емес, оны ұйымдастыруға кететін уақыт та маңызды. Әсіресе, бір қызметкер тапсырыстарды қабылдап, сатып алушылармен байланысып, тауарларды жөнелтумен қатар айналысатын жағдайда.

inDrive зерттеуінің мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 55%-ы жеткізуді ұйымдастырудың қарапайымдылығын мобильді қосымшалардың басты артықшылықтарының бірі деп санайды.

Тапсырысты рәсімдеу және курьермен байланысу үшін неғұрлым аз әрекет қажет болса, күнделікті жөнелтілімдерді басқару соғұрлым жеңіл болады. Бұл, әсіресе, сатып алушы мекенжайды өзгерткенде, жеткізу уақытын ауыстыруды немесе курьерден сәл күте тұруды сұрағанда маңызды.

Әр тапсырысқа жұмсалатын қосымша бірнеше минуттың өзі уақыт өте келе айтарлықтай шығынға айналады.

Қандай жеткізу моделін таңдаған дұрыс?

Жеткізу тәсілін таңдау көбіне тапсырыстар саны мен бизнес ерекшеліктеріне байланысты.

Аптасына бірнеше рет қана тауар жөнелтетін шағын дүкен үшін сұраныс бойынша жұмыс істейтін курьерлік сервис жеткілікті болуы мүмкін. Ал күніне бірнеше ондаған тапсырыс қабылдайтын компанияға сыртқы жеткізу қызметтерінің шығындарын жеке курьерлерді ұстауға кететін шығындармен салыстырған жөн. Сұранысы маусымға қарай өзгеретін бизнес үшін екі тәсілді қатар пайдалану тиімді болуы мүмкін.

Белгілі бір сервисті таңдаудан бұрын бірнеше нұсқаны нақты тапсырыстарда сынап көріп, олардың құнын, курьерді табуға кететін уақытты, жеткізу мерзімдерінің сақталуын, тауарлардың бүтіндігін және қолдау қызметінің жұмысын салыстырған пайдалы.

Түптеп келгенде, кәсіпкер үшін ең маңыздысы – шығындарды бақылауға және сатып алушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін жеткізу тәсілін табу. Себебі, клиентке тапсырыстың қай сервис арқылы жеткізілгені емес, ең бастысы – тауардың уақытында әрі бүлінбей жеткізілгені маңызды.