Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері азаматтық қорғау туралы жаңа заңға енгізіледі

Азаматтық қорғау туралы заң жобасында Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілеттіктерін айқындау ұсынылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Яғни, оған сейсмикалық шағын аудандастырудың әртүрлі масштабты карталарын бекіту, эпицентральдық топтың қызметін ұйымдастыру, сейсмикалық, сел, көшкін және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қала құрылысы жобаларын үйлестіру жатады. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын болады.

Жергілікті атқарушы органдарға сейсмикалық аймақтарға бөлу және сейсмикалық қауiптi бағалауды жүргiзу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық жағдайларға қарсы нығайту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, сейсмологиялық бақылау желiсiн кеңейту және жаңғырту, сейсмикалық аймақтарға бөлу карталарын әзiрлеуге бюджет қаражатын қарастыру жөнiндегi құзыреттер берiледi.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған