Сейф ұрламақшы болған жігіт қолға түсті

БҚО полицейлер сейф ұрламақшы болған жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Маусымның 28-нен 29-на қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу еніп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен. Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды