2 ноября 2022 г. 15:12

Сеулдегі хэллоуинде қаза тапқан Мәдина Шерниязованың денесі 3 қарашада жеткізіледі

Фото:

Оңтүстік Кореяда Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандық Мәдина Шерниязованың денесі 3 қарашада Алматыға жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы еліміздің Сеулдегі елшілігіндегілер хабарлады. Қазақстандық дипломаттар Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қажетті құжаттарды рәсімдеу процедурасын жеделдетті. Әдетте бұл рәсімге кемінде10 күн уақыт қажет. Табытты сақтауға, тасымалдауға кеткен барлық  шығынды Корея үкіметі өтейді. Туыстарының өтініші бойынша Мәдинаның жеке заттары да Қазақстанға жөнелтіледі. Қайтыс болған азаматымыздың достары оның отбасына көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Кореяда тұратын қазақстандықтар 11 миллион воннан астам қаражат жинап берді. Бұл шамамен 8 мың доллар. Қаржы жерлеуді ұйымдастыруға жұмсалады. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Тегтер: