Сеулде ұшатын таксилер сынақтан өтті (видео)

Оңтүстік Кореяның астанасында ұшқышы жоқ әуе таксиі сынақтан өткізілді

Алматы, NEGE. Евроньюс таратқан видеода үлкен дронға ұқсайтын құрылғы 50 метр биіктікке көтеріліп, қаланың үстінен айналып, қауіпсіз жерге қонды.

Әрине, оның ішінде жолаушылар болмаған. Такси жалпы салмағы 200 келіге дейінгі салмақты көтеруге арналған, яғни оған екі адам отыра алады. Оның басқару желісі толығымен автоматтандырылған.

Ұшқышсыз әуе таксиін бес жылдан кейін жаппай іске қосу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді