Сеулде соңғы бір тәулікте 800 адам коронавирус жұқтырды

Оңтүстік Кореяда коронавирустың таралуы күшейіп барады. Соңғы бір тәулікте Сеулде 800 адам жұқтырған.

Алматы, NEGE. Бұл наурыз айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Вирусты жұқтырғандардың бәрі Сеулдегі бір шіркеудің мүшелері. Билік вирусты жаппай жұқтыру діни орындарға барушылардың шектеу шараларын орындамауынан деп отыр. Ал жергілікті тұрғындар мұндай әрекет елде коронавирустың екінші толқынын тудыра ма деп алаңдаулы.

Оңтүстік Корея аурулардың алдын алу және бақылау орталығының директоры Чон Ын Кён: "Коронавирусты жаппай жұқтыру шаһар өңірінде ғана емес, елдің өзге қалалары мен аймақтарында да тіркеліп отыр. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Дерттің таралуына тосқауыл қою үшін кездесулерден бас тарту қажет. Сондықтан бүгіннен бастап бүкіл елде әлеуметтік арақашықтық шарасының екінші деңгейі енгізіледі" деді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты