30 августа 2023 г. 13:55

Сеулде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Фото:

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Алматы, NEGE. Іс-шараға Кореяның Халықаралық экономикалық саясат институтының (KIIEP), Хангук шет тілдері университеті (HUFS) Орталық Азияны зерттеу орталығының басшылары мен сарапшылары, «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының өкілдері, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Елшілері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов корей сарапшыларын өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған негізгі реформалармен және қазіргі жағдайдағы қазақ-корей қатынастарының келешегі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Корей қоғамының өкілдері қабылданған реформалардың оң әсерін атап өтіп, қазақстандық қоғамды демократияландыру деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның таңдаған даму векторы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Тегтер: