Сеулде Хэллоуин құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кешінде болған қайғылы оқиғаның құрбандарын еске алу рәсіміне ондаған мың адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. Euronews таратқан ақпарат бойынша, 30 қазанға қараған түні тар көшеде адамдар тобының мерекеге келген балаларды таптап кету оқиғасы салдарынан 156 адам қаза тапты. Полицияның мәліметінше, сол кезде онда қаланың 100 мыңнан астам тұрғыны мен қонақтары жиналған. Бұл Оңтүстік Корея астанасында маска тағу міндеттелмеген алғашқы бұқаралық іс-шара болған еді.
Айта кетейік, қаза тапқандар арасында қазақстандық студент қыз бар. Ол –Ақтөбе облысының тумасы, 1996 жылғы қазақстандық Кореядағы жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті