Сеулде митингке 18 мың адам қатысты

Оңтүстік Корея президентінің жақтастары оның импичментінен кейін Сеулде митинг ұйымдастырды, деп жазды aikyn.kz.

YONHAP

Алматы, NEGE. Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жақтастары сенбіде Сеулдің орталығындағы Кванхвамун ауданында митингке шықты. Осылайша мыңдаған адамнан құралған консервативті топ Конституциялық соттың президентті қызметінен алып тастау туралы шешіміне наразылық білдірмек болды.

Наразылық білдірушілер «Импичмент – бұл алаяқтық» деп ұрандатып, Конституциялық сотты таратуды талап етіп, «мемлекетке қарсы күштерді жоюға» шақырды.

Қатысушылардың бірі Оңтүстік Корея халқы Юн Сок Ёль президент қызметінен босатылғаннан кейін 60 күн ішінде өтетін кезектен тыс сайлауға бойкот жариялауы керек деп есептейді.

Жергілікті полицияның мәліметінше, сенбідегі наразылық митингісіне 18 000-ға жуық адам қатысқан.

Еске салсақ, 4 сәуірде Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты президент Юн Сок Ёльға импичмент жариялау ісі бойынша шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты