Сеул мэрі жоғалып кетті

Оңтүстік Корея полицейлері Сеул мэрі Пак Вон Сунды іздестіріп жатыр. Бұл туралы мэрдің қызы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE.  Ренхап агенттігінің мәліметінше, мэр із-түссіз жоғалып кеткен соң оның қызы шамамен сағат 17.17-де полицияға арыз қалдырған (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.17-де). Ол әкесінің үйден шамамен 4-5 сағат бұрын кеткенін хабарлаған.

Сондай-ақ, ол әкесінің өсиетке ұқсас сөздер айтып кеткенін жазған. Мэрдің телефоны әлі сөндірулі.

Полиция қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған