Сеул соты Оңтүстік Корея президентін қамау туралы шешім шығарды

Тергеушілер Юн Сок Ёль өзіне қатысты дәлелдемелерді жоюы мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы жергілікті Рёнхап агенттігі хабарлады.

South Korea Presidential Office

Алматы, NEGE. Қамауда ұстау мерзімі 20 күн. Ал 10 күннен кейін, жемқорлықты тергеу басқармасы күдіктіні прокуратураға тапсырады. Кейін орган тергеуді жалғастырып, қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін оған айып тағады.

Юн Сок Ёль өзінің билігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті деп танылып, былтыр парламент оған импичмент жариялаған. Сөйтіп оның елдегі өкілеттігі тоқтатылды.

Конституциялық сот оның қызметтен кету процесін мақұлдамайынша бұл жағдай жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды