Сервер Джепаров Қазақстанда бапкерлік еткісі келеді

Өзбекстанның ең танымал футболшыларының бірі Сервер Джепаров бапкерлік карьерасын Қазақстанда сынап көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазақстаннан әзірге ұсыныстар жоқ. Бірақ, әрине, бұл маған қызық! Жұмыс істер едім!» – деді Джепаров Legalbet.kz тілшісі Виталий Гетцке.

42 жастағы Джепаров 2008 және 2011 жылдары Азияның ең үздік футболшысы атанған. Өзбекстан клубтарымен қатар ол Оңтүстік Кореяда, Сауд Арабиясында, Иранда, сондай-ақ 2018 жылы Қазақстанда да ойнаған (КПЛ-де «Жетісу» сапында 5 матч өткізіп, пенальтиден 1 гол соққан).

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде маман УЕФА-ның «А» санатты лицензиясын алып жатқанын, бұл оған Еуропада, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтқан еді.

Бапкер ретінде Джепаров Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасын (U14), Ташкенттің «Локомотивін» жаттықтырған. Сондай-ақ Тимур Кападзенің ассистенті ретінде «Олимпик» клубында жұмыс істеген. Дәл осы Кападзе тарихта алғаш рет Өзбекстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?