Серік Борамбаев ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Ал Сәкен Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.