«Серік-голованы» 19 жылға соттауды сұрады

Алматыда атышулы «вор в законе» Серік Жаманаевқа қатысты сот процесі аяқталуға таяды. Прокурор «Серік-голованы» 19 жылға соттауды сұрады.

Алматы, NEGE.  Мемлекеттік айыптаушы оны ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігі «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

«Мүлкі тәркіленіп, 19 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауыңызды сұраймын. Серік Жаманаевты әрекетінде қылмыстың қайталану қаупі бар. Жазасын өтеуді қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде тағайындалсын», – деді прокурор.

Естеріңізге салайық, Серік Жаманаев былтыр ақпанда ұсталған еді.

Қазір оқып жатыр

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды