Серікбай Трұмов жаңа қызметке сайланды

Серікбай Трұмов Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды.

Алматы, NEGE. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет төрағасы депутаттардың ұсынысы бойынша депутаттар арасынан сайланады», – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов депутат Серікбай Трұмовтың кандидатурасын ұсынды.

Депутаттар Трұмовтың кандидатурасын қолдап, оны қаржы және бюджет комитетінің төрағасы етіп сайлады. Бұл қызметте ол бүгін Сенат төрағасының орынбасары болып сайланған Ольга Перепечинаны алмастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Трұмов Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?