Серік Теміржанов ресейлік қарсыласын ойсырата жеңіп кетті

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов 2021 жылы Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық кездесуін өткізді.

Алматы, NEGE. Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта Теміржанов Ресей чемпионы Эдуард Саввинмен кездесіп, оны бірауыздан ұтты.

Осылайша Серік Теміржанов Қазақстан құрамасынан 2021 жылғы әлем чемпионатының бесінші жартылай финалисі атанды.

Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Аблайхан Жүсіпов (67 келі) де жартылай финалға шықты – олардың барлығына да әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлделеріне кепілдік берілді.

Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медалді жеңіп алды. Махмұд Сабырхан Белградта қазақстандық боксшылар делегациясының қоржынына тағы бір медаль салды. Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші медальді жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр