Серік Теміржанов алтын алды

Пхукетте (Таиланд) Thailand Open-2022 бокстан халықаралық турнирде ақтық айқас басталды. Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов турнирдің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы,  NEGE.  Қазақстаннан алғашқы болып «алтынға» Серік Теміржанов таласты. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы филиппиндік Ян Кларк Баутиста болды. Жекпе-жек нәтижесі бойынша Теміржанов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Баутиста турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ төрт қазақстандық ақтық айқас өткізеді: Сұлтан Мусинов (63 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг) және Айбек Оралбай (91 кг).

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды