Серік Күдебаевтың ісі бойынша сот залынан видео жарияланды

Серік Күдебаевтың ісі бойынша сот залынан түсірілген видео тарады, деп хабарлады Informburo.kz.

Алматы, NEGE. Прокурор соттан Қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін айыпталып жатқан генерал Күдебаевтың ісін қарауды уақытша тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады. 

Судья Әбділла Үмбетай Күдебаевтың Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткенін айтты. Сотталушыға халықаралық іздеу жарияланды.

"Қырғызстанның шекара қызметінен алынған прокурордың мәліметі бойынша, 23 наурызда Күдебаев Манас әуежайынан (Бішкек) Стамбулға ұшқан. Сотталушының одан әрі қозғалуына жол бермеу үшін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды», - деді судья.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін