Серік Күдебаевті сотқа мәжбүрлеп алып келетін болды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сотқа келмеді, деп хабарлайды Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша, сот отырысы 3 сәуірге таңғы сағат 10.00-ге шегерілгені хабарланды.

"Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ.

Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды", - делінген сот хабарламасында.