Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді

Алматы облысы Кеген аудандық сотында экс-генерал Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өту ісі қаралып жатыр. Сотталушы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш білдірді.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастыратын болды.

Осы уақыт ішінде сотталушы мен оның қорғаушысы процессуалдық келісімнің жай-жапсарын талқылайды.

Айта кетсек, алдында Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Серік Күдебаевтың шетелге басқа облыстан қашқандықтан оның соты бұл өңірде өткізілмейтінін мәлімдеген. Бірақ прокурор экс-генералдың соты қай облыста өтетінін нақтыламаған еді.