Серік Күдебаев Қазақстаннан өзі туған өңір арқылы қашып кеткен болуы мүмкін

Серік Күдебаевқа тау арқылы қашып шығуға тәжірибелі адамдар көмектескен болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов мәлім етті.

Алматы, NEGE. Қазақстаннан қашып кеткен Алматы облысы ішкі істер департаментінің экс-басшысының тауда шаруақожалығы болған.

«Ол тау арқылы кесіп өтті деген нұсқамыз бар. Жақын жерде, өзі туған өлкедегі тауда фермасы бар. Сол жерде елді мекен орналасқан. Жол көрсететін жақсы серіктері де болған шығар. Біз тау арқылы кесіп өткен деген нұсқаны қарастырып жатырмыз», – деді Ерлан Алдажұманов.

Қырғызстанмен шекаралас Іле Алатауының тау тізбегі 672 км.

58 жастағы Серік Күдебаев билікті асыра пайдаланды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Бүлікшілер сол жерден қару-жарақ ұрлап кеткен.