Серік Ахметовке НЕГЕ бостандық бермеді?

Қарағанды облыстық сотында министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің апелляциялық шағымы қаралды. Бұрынғы шенеунік соттан бостандығын шектеуді алуды, оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған.

Алматы, NEGE. Ахметовтің адвокаты Николай Лесниктің пікірінше, бостандық беруден бас тартуға заңды негіздер жоқ көрінеді. Өйткені, бұрынғы шенеунік қойылған талаптарды бұзбаған, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан кезде де тәртіп сақтаған. «Ахметовті аппеляциясыз-ақ босатуға болады», – деді адвокат.  

Лесник соттан Қазыбекби аудандық соты қаулысының күшін жоюды, оны заңсыз деп танып, Ахметовке бостандық беруді сұрады. Алайда, сот бас тартты. Мұнысын «пробациялық кезеңде Ахметовтің түзелгені туралы дәлелдер көрсетілмеген» деп негіздеді. Сот шығарған қаулысының жария етілгеннен сәттен бастап заңдық күшке ие болатынын, шағым түсіруге жатпайтынын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды