Серік Ахметов Әбдіхалықованың орынбасары болды
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың орынбасары тағайындалды. Ол – Серік Ахметов.
Алматы, NEGE. Серік Ахметов 1961 жылы 21 наурызда Жезқазған қаласында туған. Мамандығы – тарихшы. Әр жылдары Қарағанды облыстық әкімдігінде, Мәскеудегі ақпараттық технология институтында, Парламент Сенатында, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде, Президент әкімшілігінде қызмет атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, облыстың бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталғаннан кейін, 28 наурызда өңірге Гүлшара Әбдіхалықова әкім болып тағайындалған.