«Сергектің» жаңа түрі қойылады

Алматы маңында «ЭкоСергек» камералары пайда болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Бұл пилоттық жоба. «ЭкоСергектер» алдағы екі-үш айда Алматы маңындағы барлық ұлттық паркте орнатылады. 

«Алдымен Іле-Алатау ұлттық паркінде 30 «ЭкоСергек» орнатуды жоспарлап отырмыз. Олар туристер көп жүретін жерлерде пайда болады. Мысалы, ҮАК, Есік, Түрген аудандарында. Сондай-ақ, Көлсай мен Қайыңды көлдерінде», - деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, «ЭкоСергектер» инспекторларға көмектеседі.

«Соңғы уақытта ұлттық саябақтарда қоқысқа байланысты қиындықтар туындады, өрттер мен вандализм жиілеп кетті. Сондықтан камераларды орнату туралы шешім қабылданды. Біріншіден, бұл туристерді тәртіпке келтіреді. Екіншіден, камералар өрт туралы сигнал береді және экологиялық бекеттердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Ұлттық парктерде Қызыл кітапқа енген жануарлар да өмір сүреді. Біз «ЭкоСергектер» браконьерлермен күресте көмектеседі деген үміттеміз», – деді ол.

Баспасөз хатшы министрлік ұлттық саябақтарда қоқыс тастаған адамдарға айыппұлдарды көбейтуді жоспарлап отырғанын да айтты.

Қазір осы үшін 10 АЕК (27 780 теңге) төленеді. 

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді