«Сергектің» сегіз күндегі табысы – 42 млн теңге

«Алматы қаласында орнатылған «Сергек» бақылау камералары алғашқы сегіз күнде 42 миллион теңгенің тәртіп бұзу фактілерін тіркеген», – деп мәлімдейді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Олардың айтуынша, қала бойынша 2564 тәртіп бұзу оқиғасы анықталып, олардың ішінде жылдамдықты арттыруға қойылған 10-20, 20-40 және 40 шақырымнан асыру фактілері көп тіркелген. Ал, кей жүргізушілер жол белгілеріне мән бермеу, ақ жолақты кесіп өту секілді тәртіпсіздікпен обьективке ілінген.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Алматы қаласының әр жеріне қойылған 400 «Сергек» камерасы жол қозғалыс тәртібінің бұзылуын нысанаға ала бастады. Арнайы бағдарлама орнатылған аппараттар қала көшелеріндегі бағдаршам тәртібін бұзу, жол белгілерін елемеу, ақ жолақтарды басып өту және жол бойына тоқтау мен көлік тұрағы, қоғамдық көлік жүретін жолақпен заңсыз жүру секілді жол қағидаларын бақылай бастады.

Бұған дейін Алматы қаласының жолайырықтары мен желілік жолдарында 26 аппарат, қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 27 аппарат жұмыс істеп келген. Қала бойынша 2017 жылы жол-көлік оқиғасынан 136 адам көз жұмса, келер 2018 жылы бұл көрсеткіш 133 адамға жеткен. 2017 жылы алғашқы «сергектер» Нұр-Сұлтан қаласында сынақ ретінде қойылып, жол-көлік оқиғасы 43 пайызға азайған. Сол жылы ел астанасында жол апатынан 60, келесі жылы кісі шығыны 34 адамға азайған.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен