Сенаторлар: Шалғай аудандарға дәрі-дәрмек кешеуілдеп жетеді

Ел ішінде әлі де дәрі-дәрмекті жөнелтуде, әсіресе шалғай аудандарға жеткізуде кешеуілдеп жатқан жайттар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бағаны негізсіз өсіру мәселесі де өзекті. Бұл – халықтың наразылығын тудыратын жағдай. Осыған орай «СК-Фармация» бастамасымен құрылатын тиісті жұмыс тобына Парламент депутаттарын қосу ұсынылды.

Бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары халықты дәрі-дәрмекпен қамту және гуманитарлық көмекті бөліп, тарату мәселесі бойынша онлайн-кездесу өткізді. Оған Денсаулық сақтау, Сыртқы істер, Қаржы министрліктері мен өзге де жауапты ведомстволардың басшылары бейнеконференция арқылы қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған