Сенатор креслосымен қош айтысатын 17 депутат кім?

Биылғы 15 қазанда ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, депутаттық өкілеттігі аяқталатын сенаторлар белгілі болды.

Алматы, NEGE. Рашит Әкімов (Ақмола облысынан), Марат Тағымов (Ақтөбе облысынан), Аңсар Мұсаханов (Алматы облысынан), Сәрсенбай Еңсегенов (Атырау облысынан), Сергей Плотников (Шығыс Қазақстан облысынан), Мұратбай Жолдасбаев (Жамбыл облысынан), Ерболат Мұқаев (Батыс Қазақстан облысынан), Сергей Ершов (Қарағанды облысынан), Серік Бектұрғанов (Қостанай облысынан), Бекмырза Еламанов (Қызылорда облысынан), Михаил Бортников (Маңғыстау облысынан), Манап Көбенов (Павлодар облысынан), Ольга Перепечина (Солтүстік Қазақстан облысынан), Әли Бектаев (Түркістан облысынан), Серік Жақсыбеков (Нұр-Сұлтан қаласынан), Төлеубек Мұқашев (Алматы қаласынан) және Айгүл Қапбарова (Шымкент қаласынан).

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шықты. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілді және ертеңнен бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталатындығы айтылды.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді