Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Алматы, NEGE. Дипломат Сенат Төрағасын Палата басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тілеген. «Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру аясындағы бағыттар сөз болды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар мемлекеттер арасындағы екі жақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігіне назар аударды», - делінген Парламент Сенатының ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды