Сенат депутаттарының сайлауы басталды
Қазақстанда сағат 11-00-де Сенат депутаттарының сайлауы басталды.
Алматы, NEGE. Еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлаушылардың бірлескен отырысы басталды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.