Сенат депутаттарын сайлау 14 қаңтарда өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Жарлықта.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр