«Сені көргеніме қуаныштымын»: Головкин Роналдумен кездесті

​Қазақстандық боксшы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин мен португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта кездесті.

видеодан алынған скрин

Астана, NEGE. Екі спортшы бір-бірін жылы қарсы алды. Кездесу кезінде Криштиану Роналду Геннадий Головкинге «Сені көргеніме қуаныштымын» деп құшақ жая амандасты. Бұл сәттің видеосын Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әңгіме барысында Роналду GGG-ден Эр-Риядқа қандай мақсатпен келгенін және әлі де бокспен айналысып жүр ме деп сұрады. Геннадий Головкин алдағы жылы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. 43 жастағы боксшы мансабын ресми түрде аяқтамағанын және қызықты ұсыныс болса, рингке қайта оралуға дайын екенін бұған дейін де айтқан.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду «Параллельді әлемдер» атты жобаға бірге қатысқан. Сол кезде GGG футбол жұлдызын бокспен таныстырып, бірнеше жаттығу өткізген еді.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты